428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда Абайға ескерткіш орнатылады

  • 733
  • UPD: 13:01, 05.02.2020
Павлодарда Абайға ескерткіш орнатылады

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның мүсіні 10 тамыз күні М.Катаев атындағы оқушылар сарайының жанынан ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов мәлім етті.

Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер бойынша Мемлекеттік комиссия Абай Құнанбаевтың ескерткішінің эскизін бекітті, – деді Ернұр Дәуенов.

Авторы – Асқар Нартов.

Абайдың ескерткіші орнатылатын жер облыстағы ардагерлер мен суретшілердің қатысуымен таңдалған. Оқушылар сарайының алдында адамдар демалатын жайлы орындар бар. Мұндағы негізгі идея - оқушылардың санасына ақынның мұрасын сіңіру. Суретші соңғы эскиздерін бір айдың көлемінде ұсынады. Сол кезде биіктігі туралы және басқа да толық ақпарат беріледі.

Басқарма басшысының айтуынша, қалалық әкімдіктің шешімімен 2020 жылдың бюджетіне Абай көшесін абаттандыру жұмыстары енгізілген. Арнайы бастамашыл топ құрылып, жеке меншік үйлердің сыртындағы орамдарды жөндеу бойынша келіссөздер жүргізеді.

«Ескерткіш Нұр-Сұлтан қаласында құйылады», – деді Ернұр Дәуенов.

Сәулетшімен келісімшарт жасалуда. Мүсін мен тұғырды құюға, көріктендіруге жабдықтаушы жауап береді. Бұл – Асқар Нартов орындаған Абайдың екінші мүсіні. Алғашқысы Қарағанды қаласына орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы