375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров жайлы фильмнің тұсауы кесілді

  • 157
  • UPD: 17:35, 09.02.2020

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров жайлы түсірілген көркем-деректі фильмнің тұсауы кесілді. Бір сағаттық туындыны алғаш болып Қарағанды академиясының курсанттары, болашақ тергеушілер тамашалады.

Қоюшы режиссер Алексей Каменскийдің айтуынша, небәрі 23 жыл ғана өмір сүрген қазақ Батыры жайлы дерек аз. Сондықтан фильм түсіру оңайға соқпапты. Сценарийі Нұркен Әбдіровтың анасы Бағжанның күнделігі бойынша жазылған. Ал түсіру жұмыстары Ресей мен Қазақстанның бірнеше қаласында жүргізіліпті. Туындыда Батырдың көзсіз ерлігі баяндалады. 

Алексей Каменский, фильм режиссері: 

- Фильмді түсіру барысында біраз тың деректер таптық. Мәселен, соңғы шабуылда Нұркенмен бірге қаза тапқан атқыш Александр Комиссаровқа Батыр атағы тек 20 жылдан кейін ғана берілгенін білеміз. Ал бұған Нұркеннің анасы Бағжан апай ықпал еткен екен. Ол атақты жазушы Михаил Шолоховтың үйінде қонақта болғанда, баласының серігіне Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөнінде өтініш айтып, кейін ол жүзеге асады. Фильмде бұл жайлы айтылады.

Хабар 24 телеарнасы