431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада Абай мұрасын зерттеуге ынтық жеткіншектер көп

  • 235
Қызылордада Абай мұрасын зерттеуге ынтық жеткіншектер көп

Абай мұрасын зерттеуге қызылордалық оқушылар да әуес, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін түсініп, талдауға бейім жеткіншектер көбейген.

Жас абайтанушылардың үздіктері №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясында бас қосты. Балғындар өз қолымен жасаған бұйымдары, салған суреттері және өнері арқылы ұлы тұлғаның образын аша түскен. Бірі, Абайдың әнін айтса, бірі мүсінін қашап, бейнесін бедерледі.

Гүлнәр Сардарбекова, №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

– Бұл жерде тек қана бір мақсат – баланы оқытуға үйрету, бір-бірімен араластыру және өз шығармашылық жұмыстарын ортаға салып, қорғап шыға алатында болу керек. Абай атамыз айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші, әр бала әр ортада өзін бір кірпіш сезіну үшін осындай шара өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы