431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде халықаралық «Тау мен дала әуені» көрмесі ашылды

  • 314
Семейде халықаралық «Тау мен дала әуені» көрмесі ашылды

Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Тау мен дала әуені» деп аталатын халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Көрермендер назарына Қазақстан, АҚШ және Оңтүстік Корея қылқалам шеберлерінің 60-тан астам туындысы қойылған. Авторлар негізінен табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты әр түрлі жанрда өрнектеген. Жылжымалы көрме бұған дейін Париж, Лондон, Брюссель сияқты қалаларды шарлап келіпті. Семейліктердің ұнатқан шығармаларды сатып алуына да мүмкіндік берілгенін айта кету керек.

Марат Ахметжанов, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының вице-президенті:

– Біз биыл 8 мемлекет пен 12 қаланы аралауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Рим, Мадрид, Таллин, Кишинев сияқты танымал шаһарлар бар. Еуразиялық шығармашылық гильдияның мақсаты, еліміздің мәдениеті мен өнер туындыларын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау.

Хабар 24 телеарнасы