411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұмар-2020» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне тіркеу басталды

  • 466
  • UPD: 17:22, 12.02.2020
«Тұмар-2020» Ұлттық телевизиялық бәйгесіне тіркеу басталды

Дәстүрлі байқау телевизия саласындағы үздіктерді анықтауды көздейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен қолға алынған іс-шара 10 түрлі аталым бойынша өткізілмек. Атап айтқанда, үздік телевизиялық сериал, әлеуметтік жоба, деректі фильм, ток-шоу, ойын-сауық бағдарламасы және ақпараттық бағдарлама анықталады. Сондай-ақ, телевизиялық жүлде үздік жүргізуші, журналист, режиссерлік жұмыс пен аймақтық телеарналар арасында сарапқа салынады. Биылғы жүлденің ерекшелігі әр жеңімпазға «Тұмар» мүсіншесіне қоса бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалатын болады.

Өтінімдерді қабылдау tvtumar.kz сайтында 2 наурызға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы