423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Анкарада «Жамбыл Жабаев Ұлы дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті

  • 795
  • UPD: 17:49, 14.02.2020

Анкарада жазушы Мырзатай Жолдасбековтің түрік тілінде жарық көрген «Жамбыл Жабаев Ұлы дала ақыны» кітабының тұсаукесері өтті.

Оған түркиялық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Танымдық-шығармашылық жанрдағы кітапты Анкараның Кечиөрен муниципалитеті басып шығарған. Қазақстан елшілігі мен Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген еңбек Жамбыл Жабаевты түрік оқырмандарымен таныстырған кітаптардың бірі. Шығарманы Түрік радио-теледидар мекемесінің тілшісі, қазақ әдебиеттанушысы, 100-ден астам еңбекті тәржімалаған тілмаш Уфук Тузман түрік тіліне аударған. «Жамбыл Жабаев – Ұлы дала ақыны» кітабында кеңес кезеңіндегі ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулардың сирек кездесетін еңбектері қаламға алынған. Сондай-ақ әрбір тақырып тарихи суреттерімен көмкерілген. 

Тургут Алтынок, Кечиөрен муниципалитеті мэрі:

- Абай мен Мағжан Жұмабайұлы жайлы жақсы білеміз. Бүгін, міне, түрік кітапханасы Жамбыл Жабаев туралы шығармамен толығып отыр. Ел мен елді, халық пен халықты бірлестіретін тарих пен әдебиет. Осы тұрғыдан бұл еңбектің қазақ-түрік қатынасына берер үлесі мол. 

Уфук Тузман, тілмаш:

- Жамбыл Жамбаев – кеңес үкіметі тұсында жазбаша әдебиетке елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Оның шығармалары арқылы сол кезеңнің қоғамдық жағдайын түсінуге болады. Кітапта тек өзі емес, замандастары жайлы көп айтылған. Қазақ әдебиетін зерттеу тұрғысынан, түрік тіліне аударылған маңызды еңбек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы