425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайдың 175 жылдығы: Ақтөбе облысында 600-ге жуық мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған

  • 853
  • UPD: 19:58, 17.02.2020
Абайдың 175 жылдығы: Ақтөбе облысында 600-ге жуық мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған

Ақтөбеде ғұлама Абайдың 175 жылдығына орай жаңа ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір арнайы байқау жүріп жатыр. Үміткерлердің сызбасы ақпан айының соңына дейін қабылданады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақынның ескерткіші кемінде 3 метрден биік болуы тиіс. Жеңімпаздың еңбегі облыс орталығындағы Абай атындағы даңғылға тамыз айында орнатылмақ. Биыл айтулы датаға орай өңірде 600-ге жуық мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған. Іс-шара - Абайдың «Жидебай-Бөрілі» әдеби-мемориалдық қорық-музейінің көшпелі көрмесінің Ақтөбеге келуі. Бұл көрмені көпшілік 20 күн бойы тамашалайтын болады.

Нұрхан Қадырбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жетекшісі:

– Ақтөбеден Семейге, одан әрі Жидебай-Бөріліге барып, Абай атамыздың киген шапанын, ұстаған шақшасын, қолжазбасын, тақиясын, жатқан жерін көру –  екінің біріне беріле бермейтін мүмкіндік. Сондықтан осында алдырып, облыстық өлкетану музейінде көрме жасағымыз келеді.

Хабар 24 телеарнасы