443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық режиссердің фильмі халықаралық байқауға қатысып жатыр

  • 217
  • UPD: 08:56, 18.02.2020

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мариям» фильмі Францияда өтіп жатқан кинофестивальдің ресми бағдарламасына іріктелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл картинаны түсіруге арқау болған оқиға көрермендердің көңілін босатып ғана қоймай, Мемлекет басшымыздың да назарынан тыс қалған жоқ.

Францияның Везуль қаласы көпке беймәлім. Шағын шаһарды кейбіреулері Ля Мотт төбесі мен белгілі әнші Жак Брельдің әні арқылы таниды. Везульде атақты Азия киносының фестивалі де өтеді. Бұл іс-шараны тамашалауға 35 мыңдай қонақ жиналады. Ал қала тұрғындарының саны 14 мыңға жетер жетпес. Биыл халықаралық байқауға 84 туынды іріктелді. Олардың арасында қазақстандық «Мариям» фильмі де бар.

Шарипа Оразбаева түсірген тұңғыш толықметражды фильм өмірде болған оқиғаны арқау етеді. Басты кейіпкер - Меруерт Саббусинова.  Күйеуі жұмысқа шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен соң жалғыз қалған ана төрт баласын қиындықпен өзі жетілдіруге мәжбүр болады.

Шарипа Оразбаева, режиссер:

– Осы фильмнен кейін енді мен қуанышпен айта аламын, еліміздің Президенті ерекше ықылас танытып, осы фильмге де, Меруертке де қолдау білдірді. Мен фильмнің ең басты жетістігі осы деп ойлаймын.

Шарипа Оразбаева фильмді өз қаражатына небәрі 5 күнде түсірді. Ірі кинофестивальдер оған үлкен қызығушылық танытты.  Везуль фестивалі қазылар алқасы әзірге қандай да бір пікір білдірмеді. Дегенмен қазақстандық кино көптің көңілінен шыққанын жасырған жоқ.

Мартин Тэруанн, Азиялық кино халықаралық фестивалінің директоры:

– Көрермендердің кинода көрген оқиға желілеріне жаны ашитыны сөзсіз.  Орталық Азияда түсірілген фильмдер жұртқа қатты әсер етеді. Көрермендерге де керегі осы деп ойлаймын.

Фестиваль жүлдегерлері көп ұзамай белгілі болады. Алайда режиссер марапаттан гөрі бұл  фильм туындының басты кейіпкеріне көмек болғаны артық дейді.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан

Хабар 24 телеарнасы