448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтіледі

  • 695
  • UPD: 15:33, 18.02.2020
Үндістанда әл-Фарабидің 1150 жылдығы атап өтіледі

17 ақпанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қолдауымен Нью-Делиде Дж.Неру атындағы Университетте Шығыстың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізілгенін және оны Делиде мерекелеу ұлы ғалымның дүниежүзілік мұрасын зерттеуге және зерделеуге қуатты серпін беретінін атап өтті.

Іс-шараға қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы қатысушыларды ғалымның өмірі мен еңбектерімен таныстырды.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген жергілікті академиялық орта өкілдері мен Үндістанның ғылыми орталықтары мен институттарының басшылары Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасының маңыздылығын атап өтіп, осындай оқиғалардың екі елдің мәдениетін жақындастыру үшін маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шара әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған Үндістандағы мерекелердің бастауы болды.

Ақпарат көзі: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы