445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейі Алматыда көрме өткізіп жатыр

  • 226
  • UPD: 22:40, 18.02.2020
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейі Алматыда көрме өткізіп жатыр

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі Алматыда көшпелі көрме өткізуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде басталған мәдени шара ертең Ғылым академиясында жалғасады. Көпшілік мұнда Абайдың Мағауияға жазған хатының көшірмесін, ақын туралы естеліктерді көріп, жақын таныса алады. Олардың арасында Әрхам Ысқақовтың, Ахат Шәкәрімұлының, Ниязбек Алдажаровтың қолжазбалары бар. Ғалымдар Әл-Фараби мен Абай мұрасындағы рухани сабақтастық туралы да әңгіме өрбітті. Мыңжылдық кезеңге қарамастан әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық трактаттары мен Абайдың Қара сөздерінің арасында рухани байланыс көп. Абай Құнанбайұлының бізге жеткен екі суреті бар екен. Бірі 1896 жылы, екіншісі 1903 жылы түскен сурет. Музей қызметкерлері сол фотосуреттердің тарихы жайында баяндап берді.

Раушан Елекенова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемориалдық қорық музейінің ғылыми хатшысы:

- 1903 жылғы фотосуреттің түпнұсқасы осы Алматыдағы Мұхтар Әуезов үйінде сақталған. Ал негізгі көшірмесі, ол да түпнұсқа болып саналады. Мұхтар Әуезов арнайы біздің музейге тапсырған. Ол жаңағы Абайдың үйіне тінту жүргізген кезде түсірілген, отбасымен түсірілген фотосурет.

Бекжан Мейірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әл-Фараби орталығының директоры:

- Әл-Фараби мен Абайдың бағыты бір. Адамды бақытқа жетелеу, әсемдікке жетелеу деген нәрсені академик Марғұланның өзі де айтып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы