427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысады

  • 448
«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Үндістандағы кинофестивальге қатысады kazakhfilmstudios.kz

Режиссер Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи фильмі 2020 жылғы ақпанның 26-сы мен 4 наурыз аралығында Бангалорде (Карнатака штаты, Үндістан) өтетін ХІІ Bengaluru international film festival кинофестивалінің Asian Cinema Competition бағдарламасына қатысады.

Карнатака штаты үкіметінің тапсырысы  бойынша Chalanachitra академиясымен ұйымдастырылған үнді кинофестивалі Азия және үнді киносының конкурстық бағдарламаларын қамтиды, сондай-ақ фестивальдің «Әлемдік панорама» сынды конкурстан тыс бағдарламасы шеңберінде FIPRESCI және NETPAC жүлделерінің жеңімпаз фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Жыл сайын фестивальге 50 елден 200-ден астам фильм қатысады, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи картинасы – «Қазақ хандығы» телехикаясының екінші маусымының кино нұсқасы. Бұл ауқымды тарихи жоба Ұлы дала үшін күрес және қазақ мемлекеттілігінің құрылуы туралы баяндайды. Тарихи кино дилогиясы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы алғашқы «Алмас қылыш» романына негізделген.

Фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Centaurus Rustem Abdrashev production компаниясымен бірігіп түсірді.

Режиссер Рүстем Әбдірашов түсірген фильмде Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмажинов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов секілді актерлер ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы