411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры «Абай» қойылымын сахналады

  • 340
  • UPD: 08:50, 21.02.2020
Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры «Абай» қойылымын сахналады

Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күрделі қойылымға әуесқой жас әртістер төрт ай дайындалған. Ахмет Байтұрсын атындағы Қостанай мемлекеттік университеті жанындағы бұл театрдың құрылғанына биыл 20 жыл.Осы аралықта қаншама жас осы жерде өнер нәрімен сусындады. Қазіргі кезде театр үйірмесіне 35 студент қатысады. Ал бүгінгі қойылымда соның 20-сы өнер көрсетті. Университет қабырғасындағы бүгінгі премьерманы қалың көрермен жылы қабылдады. Абай заманынан осы күнге дейін маңызын жоймаған қазақ қоғамындағы әлеуметтік тартыс кім-кімге де ой салады.

Айсәуле Әбдешқызы, «Шаңырақ» жастар театрының жетекшісі:

- Негізгі мына спектакльдің жүйесінде руға бөлінбесін адамдар, бәріміз қазақпыз, қазақ елінің азаматымыз, сондықтан ел үшін, жер үшін еңбек ету керек деген ресжиссерлық бағыт бар.

Хабар 24 телеарнасы