412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Батырлар» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

  • 321
  • UPD: 20:38, 24.02.2020

12 наурыздан бастап, еліміздің кинотеатрларында «Батырлар» тарихи көркем фильмі көрсетіле бастайды. Қарасай, Ағынтай және Мерген батырладың ерліктерін дәріптейтін фильм «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша қолға алынған болатын.

Бұл белгілі әнші-композитор Қапез Байғабылұлы әнге қосқан Үш Меркінің Орта Меркі жайлауы. «Батырлар» фильмі осы өңірде, Тоғызбұлақ ауылының маңында түсірілді. Бұл кинотуындыға арқау болған Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылығынан қорғап, жойқын шайқаста ерлігімен тарихта қалған Қарасай, Ағынтай және Мерген батыр өмір сүрген кезең. Туындыда сондай-ақ ел басына күн туған қилы кезеңдердегі халқымыздың  татулығы мен бірлігі баяндалады.  

Асқар Ұзабаев, режиссер:

- Материалды тереңірек зерттеп, локацияға қажетті жер іздегенде еліміздің кеңдігі мен әдемілігіне тағы бір көз жеткіздім. Осындай ұлан-ғайыр жерді ұстап тұрған халқымыз шынында да мықты ғой.

Тарихи фильм - қиын жанр. Оған тыңғылықты  дайындық қажет. Көрерменге 17-ғасырда болған оқиғаны көркем туынды етіп жеткізу үшін Асқар Ұзабаев көп ізденгенін айтады. Режиссер бұл фильмде басты рольдерге танымал актерлерді емес, жастарды тартыпты.  Ал олар өздеріне артқан жауапкершілікті абыроймен алып шығуға тырыстық дейді. 

Назар Шархан, актер, Қарасай батыр ролі:

- Қарасай бабамыздың жаңағы ерлігін, батылдығын көрсету  бұл да бір еркекке тән іс болып саналады деп ойлаймын. Енді Алла нәсіп етіп етсе, осы рөлді барша ынта-жігеріммен 100 пайызға өз күшімді  саламын деп ойлаймын.

Әшім Ахмет, актер:

- Менің бұл жердегі ролім Ағынтай батыр. Тарихта Қарасай батыр мен Ағынтай батыр екеуі дос болған. Екеуі бер жерде жерленген.  Екеуі «Орбұлақ» шайқасында бірге болған. Екеуі дос болған, арғынның батыры Ағынтай батырдың рөлін сомдап шықтым.

Найзаның ұшымен, білектің күшімен елін қорғаған батырлардың кейпінде аз-кем болудың өзі қиын болды. Ал ол кісілердің күні бойы зілдей темір сауытты киіп жүріп соғысуы қаншалықты оңай еместігін сезіндік, дейді жас актерлер. 

Әшім Ахмет, актер, Ағынтай батыр ролі:

- түсірілім алаңында киімдеріміз  әрқайсысы 15-20 килограмм болатын шығар сауыттарымыз. Соны киіп отырып, ол енді былайша айтқанда қазіргі заманның қолымен ыңғайлы қылып жасағанның өзінде 20 кг болады. Ал, ол кездегі батырламыздың үстінде әрқайсысы бір 100 кг жүрген шығар.

Жер жәннаты Жетісудің әсем табиғаты мен ұлы даланың сезімтал халқының ішкі жан-дүниесі суреттелген фильм 12 наурыздан бастап, еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.  

Авторлары: Алуа Маханбет, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы