431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үнді кинокомпаниясы елімізде көркем фильм түсіріп жатыр

  • 237
  • UPD: 23:05, 24.02.2020

Үндістанның кинокомпаниясы елімізде толық метражды фильм түсіріп жатыр. «Жалынды қанаттар» деп аталатын киноның бір бөлігі Алматыда таспаланған. Түсірілім жұмыстары бүгін елордада «Хабар» агенттігінің студиясында жалғасты. Сонымен фильм не жайында? Рольдерді кімдер сомдайды?

«Жалынды қанаттардың» кей бөлігі Женева мен Санкт-Перебургте түсірілген. Күні кеше Алматыда да таспаланды.  

Фильмдегі мынадай қауіпті трюктерді өзіміздің каскадерлер орындаған. Түсірілім жұмыстары Үлкен Алматы көлінде, Медеу, Шымбұлақ, Үшқоңырда жүргізілді. 

Кинокомпания өкілдері мен артистер бүгін елордадағы Қазмедиа орталығына келді. Түсірілім жұмыстары «Хабар» агенттігінің жаңалықтар студиясында жалғасты. 

Фильмнің жанры экшн. Режиссері Навин Мохаммед Али. Кинода әйгілі Арун мен Энтони Виджайлар, тіпті аты аңызға айналған үндістандық актер Камал Хасанның қызы Акшара Хасан ойнайды. 

Тхирунавукарасу Сивалингам, фильмнің продюсері /Үндістан/:

- Фильм желісі бойынша басты рольді сомдайтын қыздың әкесі Үндістаннан. Анасы Қазақстаннан болады. Сондықтан да киноны осы жақта түсіріп жатырмыз. Оның үстіне біздің елдегі телеарналардың студиялары дәл сіздердікіндей камера, құралдармен қамтамасыз етілмеген. Ал қазақстандық әріптесіміз Майра Карсақбаева бізге «Хабардың» дамыған, әлеуетті агенттік екенін айтты. Яғни бұл киномызға салмақ береді. Бұдан бөлек табиғатын көріп Алматыға қатты ғашық болдым. Тау да, көл де жетеді. Сондықтан елдеріңізде түсірілім жасауды жөн санадық. Реті бойынша бұл біздің 23-фильміміз. Түсірілім жұмыстарымен бізге қазақстандық кинокомпания көмектесіп жатыр. 

Майра Қарсақбаева, кинокомпания директоры /Қазақстан/:

- Ерлан Бекқожинмен кездестік. Сол кісі қолдады. «Хабар» «Хабар» болып қалады. «Шымбұлақ» «Шымбұлақ» болып қалады. Киноның ішінде. Енді келесі ойымыз «Астана операда» түсіру. 

Түсірілімінде Болливудтың өкілдері жүрген фильм 130 минуттан тұрады. Киноның премьерасы алдағы маусым айында болмақ. Қазақ тілінде субтитрмен де шығады. Тіпті дубляж жасалып, қазақстандық арналарға берілуі де мүмкін.

Атап өтейік, Үндістан – киноның дамыған жері. Мәселен, тек 2018 жылдың өзінде Болливуд 1800 фильм түсірген. Ал бұл бағытта Голливудтың жылдық көлемі 500 кино. Яғни сұраныс көп. Сұраныс болған соң Қазақстанда түсірілген фильм де кеңінен таралады дейді мамандар. 

Автолрлары: Қорған Төреқожа, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы