445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеу төрінде қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді

  • 146
Мәскеу төрінде қазақтың ұлттық тағамдары әзірленді

Қазақтың ұлттық тағамдары мәскеулік гурмандарға ұсынылды.

Нұрсұлтандық танымал аспаз Артем Канцев мәскеуліктерді жаңаша әдіспен әзірленген қазақ тағамдарымен күтіп алды. Ас мәзірінде қазы мен шұжық және бешбармақ болды. Дәм тату кезінде қазақстандық аспаз қонақтарға қазақ тағамдарын әзірлеу әдісі туралы да айтып берді.

Артём Канцев, аспаз:

– Бұрын қазақ барын дастарханға қойып, қабағын шытпастан қонағын қарсы алған. Қазір сіздер сүрленген жылқы етінен дәм татасыздар. Бұл ет бір айдай тауда кептірілген.

Гастрономиялық кеш Мәскеудегі ең танымал мейрамханалардың бірінде «шеф үстелі» форматында өтті. Яғни мейрамханада тұрақты шеф-аспаз болмайды. Оның орнына шақырылған аспаз меймандарға ас әзірлейді. Сондай қонақтардың бірі Артем Канцев болды.

Айта кетейік, «шеф үстелі» форматы өткен ғасырдың 40 жылдары Ұлыбританияда пайда болған. Және бүгінде де өте танымал.

Хабар 24 телеарнасы