445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жүз елуге жуық халықтық шығарма сандық форматқа көшіріледі

  • 135
Жүз елуге жуық халықтық шығарма сандық форматқа көшіріледі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы орындаған 150-ге жуық шығарманы енді сандық форматта тыңдауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай мүмкіндікті «Қазмедиа» орталығы ұсынады. Қазір ондағы көп форматты медиа павильонда үлкен құрамдағы оркестрлердің аудиодыбысын жазу жұмыстары жүріп жатыр. Кейін халық шығармаларының жинақтары ЭС ДЭ-дискіде шығарылады. Яғни олар сандық нұсқада қолжетімді болмақ. Халық мұрасын сақтау, оны насихаттау мақсатында «Қазмедиа» орталығы мен филармония ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бүгінгі күнге дейін студияда 40-тан астам шығарма жазып алынды. Оның ішінде Қорқыт, Асан Қайғы, Құрманғазы, Махамбет Өтемісұлы мен Дина Нүрпейісова сияқты халық композиторларының еңбектері бар.

Айта кетейік, аталған филармонияның құрамына 11 өнер ұжымы кіреді.

Ләззәт Жүнісова, «Қазмедиа орталығы» ЖШС бас директоры:

– Әрине, мұнда жазып алынған дыбыстың сапасы жоғары болады. Оның үстіне филармония үшін жазба тегін жүргізіледі. Мұнда таспаланған музыкалық шығармалардың сапасы жақсы болғандықтан, сұраныс та жоғары болады деген сенімдіміз. Бұл жоба арқылы халық мұрасы насихатталады.

Хабар 24 телеарнасы