429,96 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандағы қазақтар Абайдың 175 жылдығын атап өтті

  • 535
  • UPD: 08:26, 01.03.2020
Өзбекстандағы қазақтар Абайдың 175 жылдығын атап өтті

Ташкент облысының Шыршық қаласында ақынның шығармашылығы дәріптеліп, баймұрасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлы ойшылдың құрметіне ұйымдастырылған шараға хәкім Абайдың жырларынан сусындаған, данышпан ақынның өлеңдерінен ғибрат алған, сөз зергерін пір тұтып, ұстаз еткендер жиналды. Ғылыми конференцияға Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері де қатысты. Данагерге арналған кешті алдағы уақытта Науаи, Сырдария, Жизақ, Хорезм облыстары мен Қарақалпақстан Республикасында да өткізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, биыл өзбек жастары арасында ғұлама Абай туралы шығарма жазудан байқау өткізіп, бас бәйгеге темір тұлпар тігілмек.

Жақсылық Жорықбаев, Шыршық қаласы қазақ мәдени орталығының төрағасы:

Байқау өткізеді. Бірінші орынға жеңіл көлік беріп жатырмыз. Екінші орынға тоңазытқыш. Үшінші орынға кір жуу машинасын беріп жатырмыз. Абай бүкіл қазақтың атасы. Менің нағашы атам. Анам тобықты болған. Абай атамыз тобықты, арғын болған. Сондықтан мен қуаныштымын. Осындай мәдени шараны іске қосып, барлығын осы жерге жинап, өткізіп жатқаныма өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы