445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты

  • 217
  • UPD: 16:00, 02.03.2020

Нидерланд тұрғындары қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эрготерапевт әрі волонтер қызметін атқарған Натан мен Эвелин Виссер елімізде көмекке мұқтаж балаларды емдеуге өз үлесін қосқан. Қайырымдылыққа жаны жақын жандар Алматы облысындағы Көктал ауылында, Жаркент пен Шымкентте, сонымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында да тұрды. Қазақстанда отбасын құрып, артынан ерген үш баласына Берік, Аян мен Сәуле деген қазақша есім қойған екен. Натан мен Эвелин Виссер қазақ халқының кең пейіліне ризашылығын білдіріп, Алғыс айту мерекесімен құттықтады.

Эвелин Виссер, Нидерланд Тұрғыны, эрготерапевт:

– 2009 жылы Қазақстанға бардым. Маған Натан көмектесті. Ол кезде Жаркетте тұрдым. Сол кезде тілді әлі білмедім. Тілді білмедім, аудармашымен жұмыс істедім. Сосын мен 5 ай аз уақыт деп ойлап, тағы келемін деп шештім. Тағы дайындалып, Шымкентке көштім.

Натан Виссер, Нидерланд тұрғыны, эрготерапевт:

– Шымкентке барып, қыз ұзату жасадық, келін түсірдік,. Алматыда беташар жасадық. Шымкенттен, Нұр-Сұлтаннан, Көкталдан, Алматыдан достар көп болды. Берік Заманов – менің қазақ әкем, Алима менің қазақ шешем. Әрине, Қазақстанды сағынамыз. Әсіресе Көктал ауылын сағынамыз. Онда самаурынмен дастарханда отырып, шай ішкен кездерді сағынамыз. Мен оларға, олар маған туыс сияқты. Олардың маған деген қарым-қатынасына көп рақмет.

Хабар 24 телеарнасы