412,55 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Исмайыл ата кесенесі көгалдандырылды

  • 306
  • UPD: 14:39, 03.03.2020
Түркістан облысында Исмайыл ата кесенесі көгалдандырылды

Түркістан облысындағы Исмайыл ата кесенелер кешені демеушілердің көмегімен абаттандырылды. Кешен Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында орналасқан. Құрамына Исмайыл ата, Жәбірейіл ата, Қошқар ата, Ысқақ ата кесенелері, мешіт, шілдехана және дарбаза кіреді.

Исмайыл ата 14-ғасырда өмір сүрген. Қожа Ахмет Яссауи ілімін жалғастырушы. 15-ғасырға тән нысанды әйгілі қолбасшы Әмір Темір салдырған.

Шырақшысының айтуынша, кесене бастапқыда шағындау болып, кейін үлкейтілген. Мұндағы тағы бір ерекшелік – 15-ғасырдағы шеберлердің қолынан шыққан кешен дарбазасының есігі әлі күнге дейін сақталған. Кеңес заманында 40 жылдай Түркістандағы Әзірет сұлтан мешітінде тұрыпты. Кейін өзінің тарихи орнына қойылған. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан кешен 2006 жылы «Мәдени-мұра» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. Ал былтыр жергілікті кәсіпкерлер 10 млн теңгеге тарихи ескерткіш аумағын кірпішпен қоршап, ауласына тас төсеп берген. 500 түп сәндік ағаш отырғызып, жарық шамдар орнатыпты. Саяхатшылар мен зияратшылар үшін заманауи әжетхана салып, инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізген.

Сәкен Атымтаев, Тұрбат ауылдық округінің әкімі:

- Ішінің бәрі абаттандырылып, жылы су, ыстық су қосылды. Келген зияраттаушыларға да, жамағатқа да жағдай жасалды. Болашақша осы жерден қонақүй ашу ойымызда бар. Зиярат жасаушылар келіп қонуға мүмкіндік жасаймыз. Биыл ішіндегі Смайыл ата, Қошқар ата кесенесі күрделі жөндеуден өтеді. Оған 30 млн ақша бөлініп отыр. Ендігі жылы Ысқақ атаны да жөндеуден өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы