421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кинотеатрларда сатылған билеттер туралы мәлімет бірыңғай жүйеде тіркеледі

  • 408
  • UPD: 21:48, 04.03.2020
Кинотеатрларда сатылған билеттер туралы мәлімет бірыңғай жүйеде тіркеледі

Кинотеатрларда сатылған билеттер туралы мәліметтер енді бірыңғай жүйеде тіркеледі. Бұл қазіргі киноға деген сұранысты бақылауға мүмкіндік бермек.

Жалпы қазақстандық киноөндірістің аяқалысы тәуір. Мемлекет тарапынан отандық кинорежиссерлар мен продюсерлерге қолдау бар. Былтыр Кинематография туралы арнайы заң да қабылданған. Тек саланы сапалы деңгейге жеткізіп, өтімді киноөндіріс жасай білу маңызды. Бүгін сала мамандары бас қосып, қазақ киносын халықаралық прокатқа шығару жайын талқылады. 

Нұрқиса Дәуешев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі, ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы кеақ директорлар кеңесінің төрағасы:

- Киноматография туралы заң шеңберінде ұсынылған қаржыландыру схемасында ең алдымен фильмдерді қаржыландыру көлемі бойынша нақты градация қарастырылған. Осылайша мемлекет тарапынан толық көлемде жоғары әлеуметтік маңызы бар  фильмдер қаржыландырылады. Бірінші кезкете өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған тарихи картиналар, патриоттық кино оқиғалары фильмдер қарастырылады.

Хабар 24 телеарнасы