432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «Көрпе Фест» фестивалі басталды

  • 470
  • UPD: 23:47, 04.03.2020
Шымкентте «Көрпе Фест» фестивалі басталды

Үш күнге созылатын бұл шарада белгілі этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада өз кәсібін ашқысы келетін көп балалы аналар мен әйелдерге тігін және қолданбалы өнер бойынша тегін сабақтар мен шеберлік сағатын өткізеді.

Бұрыннан тігін тігетін әйелдерге күрделі дизайндық тапсырмалар берілсе, жаңадан қатысушыларға технология әліппесі үйретіліп жатыр. «Көрпе тігу қаншалықты қиын болғанымен қазақтың үйін құрақ көрпесіз елестету мүмкін емес» дейді белгілі дизайнер. Мұнда көп балалы аналар тігін тігіп ғана қоймайды, маталардың түр-түсін таңдау және әлеуметтік желіде бизнес жүргізу әдісін үйренеді.

Индира Дүйсебекова, тігінші:

- Мастер-класс ештеңеге қатысқан жоқпын. Өзім қызыққаннан ба, алдында өзім үйде тігіп бастадым. Мата алып, тігіп жүрдім, үйге келген ададмдардың бәрі қызығып алып кете берді. Бір ақшасын ұстағанан кейін тіге береді екенсің ары қарай.

Ырза Тұрсынзада, этно-дизайнер:

- Менің ойымша біз көп балалы аналардың жан-дүниесін түсіне алмай келе жатырмыз. Көп балалы ана үйде отырғанда күнделікті табақ, үйдің жұмысы бітпейді ғой, әбден шаршайды бұл аналар. Сол аналарға терапия, шабыт болатын керемет кәсіп.

Хабар 24 телеарнасы