443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

  • 114
  • UPD: 22:53, 05.03.2020
Ақтөбеде Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

Заманында хакім Абай өз қолымен Семейдегі өлкетану музейіне бірқатар жәдігерді сыйға тартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар: аса таяқ, сыбызғы, құранды ер және ойшылдың медреседе оқығанда пайдаланған кітаптары. Ақынның қолы тиген бұл дүниелерді дәл қазір Ақтөбеде жүрген Абай музейінің көшпелі көрмесінен көруге болады. Оған 50-ден астам жәдігер қойылған. Көрме шаһарда әлі бір ай бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Қызылорда қалаларында болған. Ғылыми қызметкерлердің айтуынша, ұлы тұлғаның биылғы мерейтойы аясында бірқатар тың жобалар іске асады.

Раушан Елекенова, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми хатшысы:

- Абайдың мерейтойына байланысты біздің музей тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары, әсіресе, архивтермен жұмыс, оның ақындық айналасы, Абай шығармаларының төрт тілдегі кітаптарын басып шығару сияқты жобалар бар. Одан кейін Жидебайдағы Абай музейін абаттандыру ажұмыстары қолға алынып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы