420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рига әуежайына Димаш Құдайбергеннің жүздеген жанкүйері жиналды

  • 1114
  • UPD: 22:24, 06.03.2020

Ертең Латвия астанасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бірнеше сағат бұрын даңқты әншіміз Ригаға ұшып барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері Димашты әуежайдан зор қошеметпен қарсы алды.  

Гүл мен ту ұстаған ән сүйер қауым Димашты тағатсыздана күтті. Дәстүр бойынша Рига әуежайына әншінің жүздеген жанкүйері жиылды. Димашты көру үшін жанкүйерлер Еуропаның түкпір-түкпірінен ағылды. Франция, Германия, Норвегия және Эстониядан келген адамдар оның қолтаңбасын алып, селфи жасауды армандаса, енді біреулері арнайы сыйлық дайындаған.

Элеонора, жанкүйер:

– Есімнен танып қалам ба деп қорқып тұрмын. Өйткені бұл концертті біз көп күттік. Әлі сенер алар емеспін. Димаштың дауысы да, өзі де ғажап.

Иветта, жанкүйер:

– Оған деген құрметіміз шексіз! Өйткені ол тек әнші ғана емес, өз мінез-құлқымен бізді баурап алған.

Димаш ұшақтан түспес бұрын жиылған жұрт оның репертуарындағы әнді қазақ тілінде шырқады.

Міне, көптен күткен тарихи сәт. Димаш жанкүйерлерімен кездесті. Кейбіреулері тіпті көз жасына ерік берді.

Энн, жанкүйер:

– Ригада Димашты көргеніміз – ешқашан ұмытылмайтын сәт. Концертіне бару үшін арнайы Франциядан ұшып келдік. Біз оны өте жақсы көреміз!

Эвин, жанкүйер:

– Париждегі Димаштың концертін асыға күтеміз. Біз үшін оның француз тілінде орындайтын әні ең керемет. Мен оның Нұр-Сұлтан мен Лондонда өткен концерттеріне де бардым. Керемет болды.

Кездесуден ерекше әсер алған халық мәз-мейрам болып тарқасты. Олар ертеңгі күнді асыға күтеді. Миллиондаған адамның сүйіктісіне айналған Димаш Латвиядағы ең ірі стандиондардың бірінде концерт береді.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы