411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Алашқа темірқазық – Абай» атты жыр мүшәйрасы өтті

  • 248
  • UPD: 09:34, 07.03.2020

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Алашқа темірқазық – Абай» атты жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы шара облыстық сот қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған 18-30 жас арасындағы ақындар қатысты. Олардың қатарында сот саласының мамандары да бар. Байқау шарты бойынша қойылған басты талап – дала заңы мен қазіргі сот жүйесін сабақтастыра отырып, ой тастау. 37 үміткердің өлеңін таразылаған қазылар алқасы бас жүлдеге Бек Ноғайбайдың туындысын лайық деп тапты. Енді мүшәйраға қатысқан ақындардың жыр-жауһарлары жуырда жинақ болып басылып шықпақ.

Қойлыбай Асан, ақын, филология ғылымдарының докторы:

- Ең бастысы, ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында қазақ қоғамында өтіп жатқан үлкен рухани сілкініс, рухани жаңғыру. Абай ғибратын, Абай тәмсілдерін насихаттау, соны түйсіну, зерделеу. Соны бүгінгі уақытқа лайықтап, өзекті проблемаларды Абай ойлары арқылы соның шешімін табуға ұмтылдыру. Ең басты мұрат деп осыны ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы