439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық суретшілердің туындылары халықаралық каталогқа енді

  • 126
  • UPD: 12:59, 10.03.2020
Қазақстандық суретшілердің туындылары халықаралық каталогқа енді

«Рейсинг зе Гэлакси» деп аталатын беделді басылымның авторлары 5 қазақстандық суретшіні қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың пікірінше, ағылшын тілінде басып шығарылған каталог қазақстандық өнерпаздардың әлемдік арт-сахнаға шығуын жеңілдетеді. Енді Лондон, Берлин және Нұр-Сұлтан қалаларындағы кәсіби ортада кітаптың тұсаукесерін өткізу көзделіп отыр.

Дина Байтасова, галерист:

- Осы кітаптің арқасында сала кәсіпқойлары суретшілерімізді көреді. Бұл оларға халықаралық деңгейге шығып, өздеріне жақсы галеристерді табуға көмектеседі деген үміттемін. Өйткені бүгінде Қазақстанның заманауи өнері жөнінде осындай сапалы кітаптар жоқ.

Жером Санс, халықаралық арт-директор:

- Бұл Орталық Азия, Қазақстан секілді мәдениет өрбіген аймақтың өзге тұсын зерттеуге мүмкіндік берді. Осы жобаның арқасында өнерпаздармен кездесіп, географиялық және мәдени жағынан ерекшеленетін адамдармен тәжірибе алмастым.

Хабар 24 телеарнасы