419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәдениет және спорт министрлігі мәдени-спорттық шараларға тыйым салған жоқ – Ресми

  • 774
  • UPD: 13:06, 12.03.2020

Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай мәдени-спорттық іс-шараның өтуіне тыйым салған жоқ.

Бұл жөнінде құзырлы ведмоство әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Өйткені коронавирустың таралуына байланысты осындай ақпарат тарап еді. Енді министрлік оның жалған екенін алға тартады. Яғни мұндай шешімді Үкімет жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. Олар індетітң өршуіне байланысты спортшыларымызды халықаралық бәсекелерге қатыстырмау туралы ұсыныс айтқан. Алайда министрлік ел аумағында бұқаралық сипаттағы іс-шараларға тыйым салған жоқ делінген хабарламада. Мәселен, елорданың өзінде осы аптада мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада басталады. Қаладағы бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы ай соңына дейін осындай тағы бірқатар жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық боксшылар Токио олимпиадасына толық құрамда қатысады. Яғни жерлестеріміз 8 салмақ дәрежесі бойынша жолдаманы жеңіп алды. Лицензиялық турнир Иорданияда өткен болатын. Ерлер арасындағы бәсекеде бұған дейін 7 жолдамамыз бар еді. Соңғысын жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов иемденді. Ол қосымша мүмкіндігін мүлт жібермей, филиппиндік Карло Пааламаны айқын басымдықпен ұтты. Осылайша бас бапкер Ғалым Кенжебаевтың жоспары уақытынан бұрын орындалып отыр. Бұған қоса қыздар арасында 75 келідегі Надежда Рябец те жазғы ойындарға барады. Соның арқасында ұлттық құрамадағы жалпы жолдамалар саны 42-ге жетті. Яғни 16 спорт түрінен 42 жерлестеріміз Олимпиадаға қатысады. Ал Иорданиядағы бәсекенің медальдық көрсеткіші бойынша ұлттық құрама қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде бар. Қос алдынды ауыр салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов пен Василий Левит жеңіп алды.

Қазақстандық «Барыс» Құрлтықтық хоккей лигасындағы жарыс жолын жалғастырады және плей-оффтың келесі айналымында «Сібір» клубымен кездеседі. Бұл жөнінде Екатиринбург қаласында өткен матчтан кейін белгілі болды. Яғни жергілікті «Авангард» «Сібір» хоккейшілеріне есе жіберді. Ал кездесулер сериясындағы есеп 1:4-ке жетті. Осылайша қонақтар плей-оффтың келесі айналымына жолдама алды. Енді «Барыс» пен «Сібір» арасындағы алғашқы кездесуі 17 наурызда елордада өтеді. Қос команда бұған дейін соңғы рет негізгі чемпионат аясында жолыққан екен. Сырт алаңда өткен матчта Анрей Скабелка баптайтын жігіттер жеңіліп қалды.

Хабар 24 телеарнасы