399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардың театры Абайдың мерейтойы қарсаңында қойылым сахналады

  • 443
  • UPD: 11:44, 12.03.2020

Павлодардың Жүсіпбекм Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ерте ояндым, ойландым» қойылымын көрермен назарына ұсынды. Оқиға желісі ақынның бала кезінен  есейген шағына дейінгі кезеңін қамтыған.

Сол кездегі қоғамның болмысы, қақтығыстар  Абайдың  дүниетанымын өзгертеді. Көпке қарсы шығып, бала Абайдан ойшыл Абайға айналуына  түрткі болған көптеген  дүниелер көрініс  береді. Солардың бірі Қамқа мен Қодардың  тағдыры. Қойылымды режиссер Әділет Ақанов сахналады. Абайдың ролін театрдың жас актері Абзал Жақып сомдайды.  

Абзал Жақып, Ж.Аймауытов атындағы  қазақ музыкалы драма театрының актері:

- Мен Абайды толыққанды білдім, зерттедім деп айта алмаймын. Оны зерттеу үшін әлі неше түрлі абайтанушылардың жалпы көптеген ғұламалардың айтқандарын, кітаптарды оқу керек. Енді бұл Абайдың жас кезі болғандықтан сол Абай жолында айтылған, кітап бойынша жазылған дүние. Содан оқып, жалпы өзімізше бір түсінгенімізге байланысты осы рольді шығардым десем де болатын шығар. 

Әділет Ақанов, Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының режиссері:

- Театрдың барлық әртістері қамтылған. Енді бұл жерде үлкен образдарды айтатын болсақ бұл жерде Құнанбай қажының образы, Ұлжан, Зере аналарымыз, әжелеріміз. Абайдың өзінің жас кезі, Абайдың үлкен образы бар. Қойылым өте ауқымды, классикалық туынды. Өздеріңіз білетіндей Мұхтар Әуезовтың тілі жалпы оқыған кезде бірден оңайға соқпайды. Өйткені бұл классикалық шығарма. Жұмыс барысы өте қызықты және әралуан өтті.

Хабар 24 телеарнасы