448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


15 наурыздан бастап «Хабар» арнасынан жаңа спорттық бағдарлама көрсетіледі

  • 147
  • UPD: 17:08, 13.03.2020
15 наурыздан бастап «Хабар» арнасынан жаңа спорттық бағдарлама көрсетіледі

15 наурыз күні «Хабар» телеарнасынан «PRO SPORT» бағдарламасының тұсаукесерін жіберіп алмаңыздар.

Жаңа спорттық жоба корреспонденттері қазақстандық спорт іс-шараларын ғана емес, әлемде болып жатқан жарқын, әрі қызықты спорттық оқиғаларды көрсетеді. Жоба әр жексенбі, «Хабар» телеарнасының эфирінен сағат 9.30-де көрерменге жол тартады.

«Жаңа бағдарлама жарыс нәтижелері, ұлы жеңістер тарихынан сыр шертеді. Ең шұғыл хабарламалар мен сапалы сараптамалар, өткір сұхбаттар мен сарапшылардың сын пікірі – осының барлығын «PRO SPORT» спорттық жобасынан көріңіздер», – деп атап өтті жоба продюсері Айбек Қабылшаев.

Бағдарлама  жүргізушілері – Динара Кунафина, Жанна Сейітхан.

Тілшілер спорт майталмандары және Қазақстанның әр аймақтарында өтетін спорт шаралары туралы баяндап, салауатты өмір салтын насихаттайды.

«PRO SPORT» жобасын «Хабар» телеарнасынан әр жексенбі, сағат 9.30-да тамашалаңыздар.

Қосымша ақпарат үшін төмендегі мекенжайға хабарласыңыз

pr@khabar.kzpr@khabar.kz, 8 7172 757 553

www.khabar.kz| facebook.com/ KhabarTV | vk.com/ KhabarTV | twitter.com/KhabarTV | Instagram.com. KhabarTV

 

Хабар 24 телеарнасы