431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде кітапханалар мен мұражайлар уақытша жұмыс істемейді

  • 418
  • UPD: 19:22, 16.03.2020
Елімізде кітапханалар мен мұражайлар уақытша жұмыс істемейді

Мәдениет саласы бойынша Қазақстан аумағында және шетелдерге жоспарланған гастрольдік сапарлар толықтай тоқтатылды.

«Концерттер, қойылымдар, форумдар мен семинарлар, конференциялар т.б. іс-шаралар болмайды. Сонымен бірге кітапханаларға, мұражайларға бару, оның ішінде тарихи-мәдени нысандарға экскурсиялар тоқтатылатын болды», - деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев.

Сонымен қатар балалардың музыка мектептері, үйірмелер сияқты қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылатынын айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы