435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі опералар мен музейлер онлайн режимге көшті

  • 138
  • UPD: 18:13, 17.03.2020
Әлемдегі опералар мен музейлер онлайн режимге көшті

Коронавирустың кесірінен бүкіл әлем бойынша мәдени нысандар жаппай жабылғанына қарамастан, енді оларды онлайн көруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Вена операсы өзінің үздік қойылымдарын интернетте тегін көрсете бастады. Оны тамашалау үшін арнайы сайтта тіркелу қажет. Қазіргі уақытта Берлин филармарниясы мен Нью-Йорктегі Метрополитен операсының қойылымдарын да ғаламтор арқылы көруге мүмкіндік бар. Онлайн режимге музейлер де көшкен. Мәселен, кез келген азамат атақты Луврда виртуалды экскурсия жасай алады. Дәл осындай мүмкіндік Британ музейінде де бар.

Айта кетейік, вирусқа байланысты жабылған мәдени орталықтар көрермендер үшін есігін қашан ашатыны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы