422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді тегін тамашалаңыздар

  • 635
  • UPD: 11:19, 19.03.2020
Қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді тегін тамашалаңыздар

Қазақ киносының алтын қорына енген ең танымал туындыларды енді ғаламтордан көруге болады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы уақыт сынынан өткен, аңызға айналған фильмдерді тегін көрсетілімге шығарды.

Бүгіннен бастап киностудияның YouTube желісіндегі арнасынан: қазақтың алғашқы дыбыстық «Амангелді»фильмі (реж. М.Левин, Ленфильм, 1938 ж.), «Қыз-жігіт» (реж. П.Боголюбов, Алматыкөркем және хроникалық киностудиясы,1955ж.), «Менің атым Қожа» (реж. А.Қарсақбаев, «Қазақфильм», 1963ж.), «Мәншүк туралы дастан» (реж. М.Бегалин, «Қазақфильм», 1969ж.), «Көксерек» (реж. Т.Океев, «Қазақфильм», 1973ж.), «Гауһартас» (реж. Ш.Бейсембаев, «Қазақфильм», 1975ж.), «Транссібір экспрессі» (реж. Э.Оразбаев, «Қазақфильм», 1977ж.), «Кардиограмма» (реж. Д.Өмірбаев, «Қазақфильм», 1995ж.), «Қыз жылаған» (реж. С.Нарымбетов, «Қазақфильм», 2002ж.) және т.б. фильмдерді көре аласыздар.

Айта кету керек, бүгінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресми youtube-арнасында тәуелсіздік жылдары жарық көрген 4 толықметражды және 15 қысқа метражды анимациялық фильмдер, сонымен қатар қазақ киносының классигі Шәкен Аймановтың толық фильмографиясы бар.

Ақпарат көзі: «Қазақфильм» баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы