435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облыстық филармониясы концерттерін онлайн беріп жатыр

  • 160
  • UPD: 09:22, 20.03.2020
Маңғыстау облыстық филармониясы концерттерін онлайн беріп жатыр

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы концерттерін онлайн беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Нұрмұхан Жантөрин атындағы драма театрының қойылымдарын әлеуметтік желілерден тамашалауға болады. Көрермендер үшін күнде тікелей эфир арқылы 4 спектакль қойылады. Театр ұжымы коронавирус профилактикасы кезінде қашықтан жұмыс істеуге көшті. Әртістер жаңа спектакльге үйінде отырып, дайындалуда. Шығармашылық топ үшін бұл қиын болғанымен, оның есебін тапқан. Ұялы телефондары арқылы онлайн қосылып, кезекпен сөздерін оқиды. Бас режиссер де диалогтарды тыңдап, процесті телефонымен бақылайды. Ал костюмдермен жұмыс, жарық қою, гримдеу ісі төтенше жағдай аяқталған соң жасалады дейді театр директоры.

Нұрнияз Мұханов, театр директоры:

– Еліміздің амандығы, жақсылығы үшін қашықтан жұмыс жасап жатырмыз. Инстаграмға барлығы сағат 11.00-де кіреді, сосын тікелей эфирге бір әртіс шығып, спектакльді оқиды. Қалғандары тыңдап отырады. Осылай шешіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы