426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» түсірген бейнебаянды Түркия халқы ыстық ықыласпен қабыл алды

  • 455
  • UPD: 23:57, 26.03.2020

Өнердің тілі ортақ. «Хабар» агенттігі түсірген «Біз біргеміз» бейнебаянын түрік бауырларымыз да ыстық ықыласпен қабыл алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаһандық індетпен аянбай күрес жүргізіп жатқан мамандарды қолдау мақсатында түсірілген туындыны Түркияның танымал қайраткерлері мен қарапайым азаматтары әлеуметтік желілерде бөлісті. Саясаттанушы-ғалым Күршад Зорлу мырза аталмыш бейнебаянды түрік тіліне аударып, Facebookке жариялады. 12 сағат ішінде 150 мыңнан аста  қаралымға жеткен көркем туындының сөздері түркиялықтарды қатты баураған. Шығарма авторларының сөздерін Анадолы халқы «Атажұрттан Түркияға жіберілген жалынды сәлем», деп қабылдады.

Күршад Зорлу, саясаткер-ғалым:

- Осындай қиын кезеңдерде халықтың ынтымағы өте маңызды. Қазақ бауырларымыздың шығарған «Біз біргеміз» әнін әлеуметтік парақшалардан тамашаладық. Қатты көңілімізден шықты. Біз де туындыны дереу түрік тіліне аударып жарияладық. Санаулы сағаттың ішінде 100 мыңнан астам қаралымға жетіп, оқырмандарым тарапынан жақсы пікірлер жазылды. Бейнебаянда көп ұлтты Қазақстанның айрандай ұйып, бейбіт өмір сүріп жатқандығына да куә боламыз. Біз де өз кезегінде, түрік жұлдыздарынан осындай туындыны түсіруді талап етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы