Қ.Тоқаев: Мәдениет қайраткерлеріне шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын
- 480
- UPD: 09:49, 27.03.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин уақытында онлайн концерт ұйымдастырып жүрген өнер иелеріне алғыс айтты.
«Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын», – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.