411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данэлия Төлешованың АҚШ-тағы жеке концерті күзге ауыстырылды

  • 274
  • UPD: 22:38, 29.03.2020

Бүгін АҚШ-тың Хьюстон қаласында қазақстандық жас дарын Данэлия Төлешованың алғашқы жеке концерті өтуі тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әлемде қауіп күшейіп тұрғандықтан, бұл кеш күзге ауыстырылды. Әнші қыз Америка жеріндегі тұңғыш коцертіне жан-жақты дайындалған еді. Оның бағдарламасын әзірлеушілер де әлемдік деңгейдегі сақа мамандар. Басқарушы Нью-Йорк университетінің профессоры, әнші-композитор Диаз Мусаимов.

Диаз Мусалимов, әнші, продюсер:

- 2018 жылы менің командам Данэлия Төлешованы SBS телеарнасындағы шоуға дайындады. Оның әншілік қабілеті америкалықтарды тәнті еткені анық. Майкл Джексон, Джордж Бенсон сынды кәсіби жұлдыздармен жұмыс істеген біздің команда еліміздің жас таланттарына қолдау көрсете береді.

Сандра Дакоста, америкалық продюсер:

- АҚШ-та Данэлияның концертін өткізуге өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымын. Оның жеке кеші күзде өтеді деп үміттенемін. Данэлияның жанкүйерлері бұл концертті тағатсыздана күтіп отыр. Бұл Қазақстан мәдениетін танытуға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы