411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Аманхан Әлім ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді

  • 182
  • UPD: 15:04, 30.03.2020
Мемлекет басшысы: Аманхан Әлім ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді Әдебиет порталы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің қазасына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшасы Берік Уәли хабарлады.

«Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді.

Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!» – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы