399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиядағы кинофестивальдің бас жүлдесі қазақстандыққа бұйырды

  • 158
Италиядағы кинофестивальдің бас жүлдесі қазақстандыққа бұйырды

Қазақстандық оператор Искандер Нарымбетов Италияның Турине қаласында өткен кинофестивальдің бас жүлдесін иеленді.

Әлемді жайлаған пандемияның кесірінен жеңімпаздар онлайн түрде жарияланды. Интернационалдық команданың «Олма Джон» фильмі халықаралық додада ерекше көзге іліккен. Осы жолы жарыста ұсынылған барлық туынды кинозалда емес, ақылы стриминг платформасында көрсетілген болатын. Доданың нәтижесінде режиссер Виктория Якубованың дебютті кинокартинасы ең үздік операторлық жұмыс бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады.  

Кинооператор Искандер Нарымбетов үшін бұл – алғашқы халықаралық жеңіс. Шараның қазылар алқасы да оның туындысына жоғары баға беріп отыр.

Виктория Якубова, режиссер:

– Болашағы жарқын жұлдыз дер едім. Осы салада әлі талай жетістікке жетеді. Искандер үшін де, Қазақстан үшін де бұл үлкен мақтаныш. Ол өз елінің беделін көтеріп отыр. Мәселен, сайысқа қатысқан картина Қазақстаннан деп ұсынылды. Сондықтан бұл туындыны Искандердің өзі жасап шығарғанына мен өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы