413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Спорт және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен 600 онлайн іс-шара өтеді

  • 140
  • UPD: 13:54, 02.04.2020
Спорт және мәдениет саласы өкілдерінің қатысуымен 600 онлайн іс-шара өтеді

Бетперде тігуге мәдениет ұйымдары да атсалысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін олар көп рет қолдануға арналған 20 мың дана масканы медициналық ұйымдарға табыстапты. Бұл туралы еліміздің мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлов онлайн-брифинг кезінде мәлімдеді. Ведмоства тарапынан төтенше жағдай кезеңінде қолға алынған жоба жалғыз бұл емес. Бүгінге дейін әртіс, әнші және спортшылардың қатысуымен 600 іс-шара ұйымдастырылған.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мəдениет жəне спорт министрі:

– Төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған 15 халықаралық спорт жарысының мерзімдері кейінге шегерілді. Сонымен қатар барлық спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен спорттық жарыстардың өткізу уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, өзгертілді.

Хабар 24 телеарнасы