424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаш Құдайберген халықты карантин тәртібін сақтауға шақырады

  • 899
  • UPD: 16:02, 05.04.2020

Ұлттың амандығына алаңдаған отандасымыз, өнеріне бүкіл әлем тәнті болған еліміздің жарық жұлдызы, әнші Димаш Құдайберген жаһан жұрты мен қазақ елін карантин тәртібін сақтауға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жас әнші вирустың қаншалықты қауіпті екенін түсініп, себепсіз сыртқа шықпау арқылы өзімізге де, өзгеге де қамқорлық танытуды сұрайды.

Димаш Құдайберген, әнші:

 – Ассалаумағалейкум, құрметті отандастар, құрметті бауырлар! Сіздерге ең алдымен денсаулық тілеуге рұқсат етіңіздер. Мына күллі әлемді билеген ауыр індетті алдын алу мақсатында атқарылып жатқан барлық сақтық шараларына немқұрайды қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар. Алла тағала бәрімізге сабыр берсін. Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай. Бұл да бір өтпелі кезең деп білейік. Жақсы сөз жарым ырыс дейді қазақта, сол себептен бұл дертті жеңіп шығамыз. Аман болайық, бар болайық!

Хабар 24 телеарнасы