428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Менің сүйікті кітабым» атты онлайн байқау ұйымдастырылды

  • 509
  • UPD: 15:46, 17.04.2020
«Менің сүйікті кітабым» атты онлайн байқау ұйымдастырылды

Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі республикалық онлайн байқау ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Менің сүйікті кітабым» деп аталатын сайысқа кез келген оқырман қатыса алады. Ол үшін ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейнебаян әзірленуі тиіс. Онда қатысушы өзінің сүйікті шығармасы туралы қысқаша мазмұндайды. Бүгінде байқауға еліміз ғана емес, Ресей, Монғолия азаматтары да қызығушылық білдіріпті. Қазір бұл дүниелер интернет кеңістігіндегі әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы кітапхана парақшасына орналастырылған. Жеңімпаз сәуірдің 23-і күні анықталады. Жалпы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 350 мыңнан артық онлайн оқырманы бар екенін атап өту керек. Кітапханашылар осы күнге дейін 4 мың кітапты электрондық нұсқада дайындап үлгеріпті.

Арайлым Оралбек, байқауға қатысушы /Ақмола облысы/:

– Менің сүйікті кітабым Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі, бұл шығарманы оқымаған аға ұрпақ өкілі жоқ шығар. Биыл ел болып Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында майдангер ата-апаларымызға тағзым ретінде осы бір шығармамен танысқаныма еш өкінбеймін. Мен де өзімнің достарым мен сыныптастарыма Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесін ерінбей оқып шығуға кеңес бере отырып, шығармашылық табыс тілеймін.

Мейрамгүл Маханбетова, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бөлім меңгерушісі:

– Аз ғана уақыттың ішінде осы интернеттегі оқырмандарымыз, 250-ден асты. Олардың жас ерекшелігі әр түрлі, 5 жастағы баладан зейнеткер жасқа дейін. Және де бұл акция, байқау мамандық таңдамайды. Сайыстың қорытындысы 24 сәуір күні шығады. Ең көп лүпіл, лайк жинаған адамдар біздің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің арнайы марапатына ие болады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы