424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәдениет және спорт саласына қарасты 15 мың іс-шара онлайн режимінде өтті

  • 461
  • UPD: 13:23, 24.04.2020
Мәдениет және спорт саласына қарасты 15 мың іс-шара онлайн режимінде өтті

Карантин басталғалы елімізде мәдениет және спорт саласына қарасты 15 мың іс-шара онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны 30 миллион көрермен тамашалаған. Осылайша, төтенше жағдай кезінде тоқтатылған мәдени-бұқаралық іс-шаралар жаңа форматта іске аса бастады. Бұған жұртшылықтың қызығушылығы да жоғары. Сондықтан бұл цифрлық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Оның айтуынша, онлайн іс-шаралар миллиондаған аудиторияны қамти алады. Карантин кезінде үйде отырған халықтың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қазір бірнеше жоба іске асып жатыр. Соның бірі – Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы. kazneb.kz сайтына кіру арқылы кез келген отандасымыз қажетті кітабын оқи алады. Бұдан бөлек, «Карантиндегі жұлдыз» онлайн концерті көрермендердің көңілінен шыққан. Сондай-ақ республикалық деңгейдегі ән байқаулар мен шахмат, тоғызқұмалақтан е-ішілік турнирлер өтіп жатыр. Халықаралық конференциялар да сәтті жүзеге асқан.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Қазақстан әлемнің көптеген елдері сияқты өз шекараларын жапқанымен, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа форматта жалғастыруда. Алғаш рет ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Хабар 24 телеарнасы