411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаллеки театрының жаңа ғимараты 80% дайын

  • 128
  • UPD: 09:24, 02.05.2020

Осыдан шамамен 1 жыл бұрын бас шаһарда салына бастаған «Қаллеки» театрының жаңа ғимараты 80 процентке дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маусым айында нысанның ішкі жұмыстары толық аяқталады деп күтіліп отыр. Бүгінгі таңда құрылысқа мың жарымға жуық адам жұмылдырылған. Мердігер мекеме,  италиялық және албаниялық компаниялар.

Елордадағы жаңа қазақ драма театрының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 3 қабаттан тұратын нысанның жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Қазақстанның халық артисі, режиссер, «Қаллеки» театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде карантин тәртібінің ережелері мейлінше сақталды. Барлығы кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Талғат Теменов, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Біздің қазақ театрлары өзінің жұмысын жалғастыруда. Ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың арқасы. Мына жерде жұмысшылардың барлығында маска, антисептик бар. Яғни, бұл да мына әкімшілік тарапынан ұйымдастырылып жатқан әрбір жұмысшы, әрбір жүргізушіге деген қамқорлық. Өйткені жұмыс өз алдына, денсаулық өз алдына. Сондықтан мына жердегі ең басты нәрсе әр жұмысшының амандығы, саулығы. Ол өте керек нәрсе.

Жобаға сай, жаңа мәдени ошақ бұрынғы қара шаңырақтан шамамен 4 есе кеңейе түспек. Үлкен залы 640, кіші залы 202 орындық болады. Ал учаске аумағы  6 гектар.

Мирко Горник, құрылыс компаниясының өкілі:

– Бетоннан қабырғаларын қалап болдық, кейін ішкі жұмыстарына кірісеміз. Ғимараттың қасбеті сицилиялық мәрмәр тастан болады. Жергілікті құрылыс материалдары да қолданылады.

Осылайша, жаңа қазақ драма театрының құрылысы биыл 4 шілдеде толық аяқталады деп күтілуде. Салтанатты қоныс тойы елорда күніне орайластырылмақ. Сондай-ақ театр саласының дамуына елеулі үлес қосып, өшпес із қалдырған танымал тұлғалардың құрметіне ескерткіштер аллеясы ашылуы мүмкін.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы