411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Димаш Құдайберген бүгін онлайн-концерт өткізеді

  • 146
  • UPD: 10:02, 13.05.2020
Димаш Құдайберген бүгін онлайн-концерт өткізеді

Димаш Құдайберген #BASTAU live Show атты концертін онлайн режимде өткізеді.

Әншінің жеке концерті 13 мамыр күні сағат 20:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында (QR Ma'deniet, sport ministrligi) өтеді.

Сонымен қатар онлайн түрдегі ән кешіне «Астана Опера» театрының опера әншісі Майра Мұхамедқызы, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Лорин, британиялық әнші және композитор Софи Эллис-Бекстор, ресейлік әнші Кристина Орбакайте қатысады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Facebook парақшасында хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы