429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» телеарнасынан Еurovision-2020 ән байқауы көрсетіледі

  • 460
  • UPD: 21:15, 15.05.2020

«Хабар» арнасы «Евровижн: Europe Shine a Light» музыкалық шоуын мамырдың 16-сынан 17-сіне қараған түні сағат 01:00 тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендерді онлайн форматта өтетін ерекше концерттік бағдарлама күтеді. Биылғы жаңалық  байқауда қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Яғни, конкурстық жарыс қағидасы қолданылмайды. Жүлдегерлер анықталмайды. Шоуда өз өнерін көрсетуге 40-тан астам әнші ниет білдірген. Олар байқаудың әр жылдардағы жеңімпаздары мен биылғы өтпей қалған конкурстың қатысушылары. Еске салайық, биыл Eurovision-2020 мамыр айында Роттердам қаласында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Еуропалық хабар тарату одағы байқауды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Еске салайық, «Хабар» Агенттігі осы одақтың қауымдастырылған мүшесі. Еліміздің басты арнасында көрсетілетін музыкалық шараға Махаббат Есен мен Нұрсұлтан Құрман комментатор болады.  

Нұрсұлтан Құрман, комментатор:

– Қызыққа толы онлайн фестиваль концертті көруге болады. Биылғы қатысушылар ерекше. Барлығын зерделеп қарап шықтық. Сараптай келе бірінен асқан бірі қатысушылар бар. Неше түрлі фридтер бар. Неше түрлі дауыс қабілеті ерекше жандар бар. Неше түрлі топтар бар. Неше түрлі сахналанған қойылымдар бар. Барлығын қарап шықтық. Соның барлығы онлайн сахнада болады.

Хабар 24 телеарнасы