421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ІІМ музейінде генерал Рүстем Қайдаровқа арналған экспозиция ашылды

  • 545
  • UPD: 18:39, 16.05.2020
ҚР ІІМ музейінде генерал Рүстем Қайдаровқа арналған экспозиция ашылды

Ішкі істер министрлігінің музейінде генерал-майор Рүстем Қайдаровтың 80 жылдығына арналған бұрыш ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда былтыр ұшақ апатыннан қаза тапқан генералдың жеке заттары мен наградалары қойылған. Бүгін ұйымдастырушылар Ішкі істер саласының ардагері туралы естеліктер жазылған «Ерен еңбегі еліне» атты кітапты жұртшылыққа таныстырды. Рүстем Қайдаровқа арналған бұл шарада марқұмның әріптестері мен туыстары өз естеліктерімен бөлісті. Еңбек жолын тергеушіден бастаған генерал жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлгені айтылды. Ол жоғарғы оқу орнында дәріс оқып, шәкірт тәрбиеледі. Кейінде Республикалық генералдар одағын басқарып, сала ардагерлеріне қолдау көрсетті.

Мұхамедғалым Сүлейменов, Ішкі істер саласының ардагері:

Ол кісіге адам тез кіре алады. Ол кісі сондай бюрократ болған жоқ. Тәккапар адам болған жоқ. Халықтың алдында, халыққа қызмет ететін сол мақсатында, өмірі де сондай болды. Өте салауатты, өте қарапайым, халық арасынан шыққан, өзі соны бәрін айтып отыратын да.

Хабар 24 телеарнасы