411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» агенттігі Батырхан Шүкеновтің құрметіне флешмоб өткізеді

  • 82
  • UPD: 12:16, 18.05.2020
«Хабар» агенттігі Батырхан Шүкеновтің құрметіне флешмоб өткізеді

«Хабар» агенттігі бүгін Батырхан Шүкеновтің 58 жылдығына орай флешмоб өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сазды жиынға шамамен 6 сағат қалды. Оған әр қазақстандық қатысып, даңқты әншінің репертуарындағы кез келген әнді орындай алады. Акцияға қатысу үшін «Хабар» телеарнасын сағат 19:00-де қоссаңыз болғаны. Осы уақытта Батырхан Шүкеновтің 3 бірдей композициясы «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңiл-ай» әндері орындалады.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

18 мамыр күні біздің Батырхан Шүкенов 58 жасқа толар еді. Бүгін оның әндерін тыңдап жүрекпен айтуға тырысамыз. Соған орай арнайы флешмоб ұйымдастырдық. Кешкі сағат 19:00-де бізге қосылыңыздар. Сондай-ақ әріптестерімнен де ақпараттық қолдау жасауларын сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы