422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТМД елдері бойынша ең көне полиция музейі Қостанайда орналасқан

  • 343
  • UPD: 14:26, 18.05.2020

ТМД елдері бойынша Ішкі істер органдарының ең ескі музейі Қостанайда орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарты ғасырлық тарихы бар рухани ордада 3,5 мыңға жуық экспонат бар. Құндылықтар тәртіп сақшыларының өткен тарихынан кең мағлұмат береді. Қазіргі карантинге байланысты музейге онлайн экскурсия жасап, барлық жәдігерлермен танысуға болады.

Музейдегі алғашқы экспонаттар 1971 жылы пайда болды. Құндылықтар тәртіп сақшыларының XIX ғасырдан басталатын тарихын көз алдыңа әкеледі. Мына қылыш, семсер, ер тоқым осындағы ең тұңғыш экспонаттар. Оның иесі Қостанай уездік милициясы Қызыл гвардия отрядының командирі болған Федор Мирошниченко. Жалпы оқпен атылатын және суық қарулардың мұнда 70-тен аса түрі сақталған.

Нәзира Цымбалюк, музей жетекшісі:

- Қарулар музейге әкелінбес бұрын арнайы лицензиялық рұқсат жүйесінен өтеді. Есептен шығарылып, оның қаншалықты құнды екені бағаланады. Негізінен қарулар қойылмайтын.

Данияр Сұлтанұлы, тілші:

- Бұрын мұражай көп орын алмайтын. Қазір 300 шаршы метрлік үлкен залға айналды. Қарулар, оқтар, архивтік материалдар мен ардагерлердің жеке заттары, тіпті техникаға да орын табылған. «Урал» мотоциклі бұл жерге терезе арқылы кіргізіліпті.

Нәзира Цымбалюк, музей жетекшісі:

- Біздің басты ерекшелігіміз – Кеңес Одағы және Қазақстандағы Ішкі істер органдары жүйесіндегі ескі музей боп табылатындығында. Бір сөзбен айтсақ, облыстық Полиция департаментінде терең тағылым мен сан қатпарлы тарихи сырлар сақталған.

Музей соңғы рет 4 жыл бұрын қайта жаңғыртылған. Сол кезде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқандардың Даңқ залы ашылды. Тәуелсіздік жылдары қас-қағым сәтте қылмыскерлердің кінәсінен және адам өмірін құтқару барысында 12 полицейдің өмірі үзілген.

Қуаныш Дүйсебаев, ПД кадрлық саясат басқармасы бастығының орынбасары

- Олардың ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз. Жастарды аталмыш мамандықтың қыр-сырына қанықтырып, тәртіп сақшысына қандай жауапкершілік жүктелетіндігі туралы жиі айтамыз. Мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттеріне тұрақты түрде экскурсия ұйымдастырамыз.

Карантинге байланысты әзірге музей есігі уақытша жабық. Экспонаттарды қашықтан онлайн тамашалауға мүмкіндік бар. Олар интернетте 3D форматта қолжетімді.

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы