428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батырхан Шөкеновтің баласы флешмоб үшін алғыс білдірді

  • 360
  • UPD: 19:36, 19.05.2020
Батырхан Шөкеновтің баласы флешмоб үшін алғыс білдірді

«Хабар» агенттігі ұйымдастырған Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған флешмобты алыстағы Америка елінде де көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешесі Екатеринамен Флорида штатында тұрып жатқан аты аңызға айналған әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт тілшіміз Майра Әбдірахмановаға берген сұхбатында шараға қатысушылардың барлығына әкесін еске алып, қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді.

Мақсұт Шөкенов Б Шөкеновтың ұлы:

Барлығыңызға сәлем. Мен флешмобқа қатысқандар мен менің әкемнің әндерін тыңдап, оны әрқашан естерінде сақтап жүрген адамдардың бәріне алғысымды білдіремін. Осы керемет идея үшін «Хабар» агенттігіне ризашылығымды жеткізгім келеді. Маған өте ұнады. Осы жазда көрісеміз деп ойламын.

 

Хабар 24 телеарнасы