418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 175
  • UPD: 15:17, 09.06.2020
«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұйымдастырған сайысқа 200-ден астам шығарма түсті. Олардың ішінен үздіктерін белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар және әдебиеттенушылар іріктеді. Биыл сайысқа Қазақстан ғана емес, Ресей, Моңғолия және Әзербайжан елдерінің өкілдері де қатысты. Үздіктер «Проза», Поэзия және Драматургия жанры бойынша анықталды. Іріктелген материалдар «Алтын Тұғыр» атты жинаққа енгізіледі.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

– Онлайн конкурстың негізгі мақсаты, ауылдың қасиетін дәріптеу. Жалпы ауылдың бүгінгі өмірін, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді, ауылдың дамуын, ауылдың проблемаларын, ауылдың болашағын барлығын осы ақындардың сөзімен суреттей отырып, жалпы көпшілік халыққа жеткізу. Әсіресе, жастарға жеткізу. Біздің осы онлайн конкурсқа қатысып жатқан әдебиетшілердің көбі жастар. 

Драматургия саласы бойынша биыл бас жүлде жазушы-драматург Төкен Әлжантегіне бұйырды. Ол өз шығармасында тұрғындарының көбі көшіп, қаңырап қалған шағын ауыл туралы жазған.

Төкен Әлжәнтегі жазушы, байқау жеңімпазы:

– Көтерген мәселелерім, ауылдағы хал-ахуал, содан кейін экологиялық қиыншылық, гептилдыің ауыртпалығы, оның зияны, оның тигізіп жатқан қоршаған ортаға зияны, адамдарға зияны. Осы мәселелерді көтеріп «Жалғыздық жаңғырығы»  деген драма жазғанмын. Адам өзінің қай деңгейде тұрғанын білу керек қой. Содан кейін жазған дүниелерімді бір сынақтан өткізіп алу үшін осы конкурсқа жібергем. Сол жіберген шығармама байланысты келіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы