419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал пайда болды

  • 584
  • UPD: 17:36, 09.06.2020
Елордада Абай Құнанбайұлы бейнеленген мурал пайда болды

Елордадағы Абай даңғылы, 50 мекен-жайында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портреті пайда болды.

Мурал Абай Құнанбаевтың дүниеге келгенінің 175-жылдығына орай «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қолдауымен салынды, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда короновирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды.

Хабар 24 телеарнасы